Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп ‘Ш’ Ыдыс –аяқ түрлері

Сабақтың тақырыбы: «Дыбыс және әріп»

  • Сабақтың мақсаты
  • дамытушылық
  • Техникалық құралдар
  • Күтілетін нәтиже
  • 1 сабақ. тақырыбы: Дыбыс және әріп.
  • СТО сұрақтары Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті Сабақтың маңыздылығы не
  • Дыбыс ыбыс адамның дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Олар: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы тамақ қуысы, тіл, ауыз қуысы
  • Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
  • Тілдің қатысына қарай: Жуан
  • Жақтың қатысына қарай: Ашық
  • Еріннің қатысына қарай: Еріндік
  • Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш, щ ІІ. Мағынаны тану
  • Жақтың ашылу дәрежесіне қарай
  • Ерін мен езудің қатысына қарай
  • Дыбыс
  • «Құйын сұрақтар» 1-ші топ
  • Сабақты бекіту .
Пәні: Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: «Дыбыс және әріп».

білімділік – Дыбысқа байланысты берілген білімді жинақтап, бекіту, дыбыстың түрлері, әліпби, буын, тасымал, жасалу жолдары туралы толық мағлұмат беру. Алған білімдерін талқылау арқылы өз ойларын еркін жеткізуге ахуал орнату.

оқушыларға дыбыстардың жіктелуі, дауыссыз дыбыстар олардың түрлері,

тәрбиелік – оқушыларды сауаттылыққа, көркем жаза білуге, талдау жұмыстарын жүргізуге тәрбиелеу.

дамытушылық – ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, ойын, талдау
Сабақтың типі : жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар,суреттер, , оқулық, Венн диаграммасы.

Техникалық құралдар: Компьютер, интерактивті тақта

Міндеттер: Өз бетінше жұмыс істерге үйрету;

Сауатты, таза жазуға үйрету

Дыбыстың түрлері, әліпби, буын, тасымал туралы білімдерін жетілдіру

Оқулықтар мен wiki беттерінен жүктелген дереккөздер

1 сабақ. тақырыбы: Дыбыс және әріп.

дыбыс жайлы ойларын дамыту

Белгіленуге арналған түйінді сөздер Дыбыс және әріп.

Дыбыс және әріп.

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру сәті.
2.Қызығушылығын ояту:
а/ Сұрақтарға жауап беру.
Дыбыс дегеніміз.
Әріп дегеніміз.
Дыбыстар бөлінеді.
Дауысты дыбыстар деп. айтамыз.
Дауыссыз дыбыстар деп. айтамыз.
Қазақ тілінде . әріп бар
ә/ «Иә-жоқ» Қойылған сұрақтарға «иә» не «жоқ» деп жауап береді.
Қ қатаң дауыссыз /иә/
А жіңішке дауысты /жоқ/
Балалық сөзінде 4дауысты бар /жоқ/
От бір буынды сөз /иә/
Е жіңішке дауысты /иә/

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

-оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

Әртүрлі дыбыстарды тыңдату, ненің дыбысы екенін анықтау

  • Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
  • Дыбысты айтамыз, естиміз.
  • Әріпті жазамыз, көреміз

Сөйлесу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылыс.

Дыбысты айтады, естиді

ыбыс адамның дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Олар: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы тамақ қуысы, тіл, ауыз қуысы, көмей, таңдай, тіс, ерін, мұрын қуысы, жақ т.б.

Дыбыстау мүшелері өкпеден шыққан ауаға

кедергі жасау арқылы дыбыс жасайды.

Дыбыс әріппен таңбаланады.

Әріп Дыбыстың жазбаша таңбасы

Әріпті жазамыз, көреміз.

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу

-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

Оқушыларға дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы ақпарат беріп, естеріне түсіру.

Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э
Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан және жіңішке, ашық және қысаң, еріндік және езулік болып жіктеледі:

Тілдің
қатысына қарай:
Жуан: а, о, ұ, ы, у.
Жіңішке: ә, ө, ү, і, е, и, у, э.
Жақтың
қатысына қарай:
Ашық: а, ә, о, ө, е, э.
Қысаң: ы, і, и, у, ү, ұ.
Еріннің
қатысына қарай:
Еріндік: о, ө, ұ, ү, у.
Езулік: а, ә, е, ы, і, и, э.

Дауыссыз дыбыстар

Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады. Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып үшке бөлінеді.

Ұяң:б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
Үнді:й, л, м, н, ң, р, у
Қатаң:к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш, щ

ІІ. Мағынаны тану

Көркем жазу. А а

А – Бұл дауысты дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда, өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады.

Тілдің қатысына қарай– тіл арты не жуан дауысты дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда, тілдің ұшы сәл артқа қарай тартылып, үсті дөңестенеді.

Жақтың ашылу дәрежесіне қарай – ашық дауысты дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда жақ кең ашылып, ауа еркін шығады.

Ерін мен езудің қатысына қарай – езулік. Себебі, бұл дыбысты айтқанда, ерін жиырылып, езу артқа қарай тартылады.

Дыбыс

дауысты дауыссыз

жуан жіңішке қатаң ұяң үнді

а, о, ұ, ы ә, ө, ү, і қ, к, п, с, т, ф б,в, г,ғ,д, ж р, л, м, н,ң

Топтастыру. 1-ші топ – Дауыстылар, 2-ші топ- Дауыссыздар

Буын құрай алмайды 3-ке бөлінеді

қатаң

Буын құрайды Жуан дауысты

Созылып айтылады. Жіңішке дауыстылар

3. Оқулықпен жұмыс. Жеке жұмыс:

І Топ 5-жаттығу. Л,Р дыбыстарынан сөздерді бір бөлек, қалған сөздерді бір бөлек жаздыртамын.

ІІ Топ 3-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, көшіріп жаз

Қарнында бір көлдің балығы

Немесе жандының алыбы.

Қарамен жазылған сөздердегі түбірдің соңғы дыбысының өзгеру себебін түсіндіру.

балық – балығы, алып – алыбы

/Сөз соңында келген қ мен п дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе,

Қ-ғ п-б айналады/ Осы сөздерге Сатылай комплексті талдау жасатамын.

1. Жуан буынды сөз(ж.б.с.) себебі, сөздің құрамындағы дауысты дыбыс жуан дауыстылар.

. ба – лық

ашық буын (∆□) бітеу буын ( ∆□∆)

лық сәйкес тасымалданады.

4. Балық. Қазақ тілінде екпін біршама тұрақты

(–лық) буынындағы ы дауысты дыбысна түсіп тұр.

. Жуан буынды сөз(ж.б.с.) себебі, сөздің құрамындағы дауысты дыбыс жуан дауыстылар.

2. а- лып

ашық буын (□) бітеу буын ( ∆□∆)

«Құйын сұрақтар» 1-ші топ

1. Өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергісіз шығуынан дауысты жасала ма?

2. Қатаң дауыссыздар . Тек салдырдан тұрады. иә жоқ

3. р,л,м,н,ң,(й,у) үнді дауыссыздарға жата ма? иә жоқ

  1. «Гүл» сөзі бітеу буынды сөз иә жоқ
  2. Қазақ алфавитінде 43 әріп бар. иә жоқ

2-ші топ

  1. Өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан дауыссыз жасала ма? иә жоқ
  2. «А» ашық дауысты дыбысиә жоқ
  3. «Ат» сөзі бітеу буын иә жоқ
  4. «Қар» бітеу буынды сөз иә жоқ
  5. Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп айтылуын дыбыс үндестігі деп атайды. иә жоқ

2-жаттығу Өлеңді түсініп оқу.Үлгі бойынша топтап жаз.

Шығармашылық тапсырма: Ребус шешу

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп ‘Ш’ Ыдыс –аяқ түрлері

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріптер

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті:Сауат ашу

Сабақтың мақсаты:

ü Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл-ойын дамыту, сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту. Топтық жұмыста бір-біріне көмектесуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс- тәсілдер:

ü Түсіндіру, Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Сауат ашу
көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар:

ü Сюжетті суреттер, ойыншықтар, кеспе әріптер.

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру кезеңі
Психожаттығу: «Күлімдейік».
-Балалар адам жанының, жүрегінің кілті біздің езуімізде.Егер біз үнемі достарымызға, ата-анамызға, апайларға күлімдеп, жадырап көңілді жүрсек біз мейірімді,ақылды болып өсеміз. Жан- жағымызға күлкі сыйлайық.
Олай болса кел,балалар күлейік!
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік
Қабақ шытқан не керек
Күліп өмір сүрейік!
-Балалар бүгінгі сабағымыз өте ерекше.Сабаққа деген ынтамызды көтерейік.
Жаттығу «Біз байсалдымыз»
Біз байсалдымыз,
Мұқият тыңдаймыз,
Есте сақтаймыз,
Бөгет жасамаймыз,
Сабақта өткенді,әрдайым қайталаймыз!
-Балалар бұл ненің дыбысы?
Таңғажайып кезең. Топқа қонақ келеді. (музыкамен кіреді)
Сәлеметсіңдер ме балалар бұл даярлық тап па?
Мен өте қызықты әріптер әлемінен келдім. Мен дыбыстар әлемінің ханшайымымын. Мен сендерге өз әлемім жайлы айтып берейін.
Әлдеқандай патшалықта емес, әлдеқандай мемлекетте емес, тура өзіңнің аузыңның ішінде дыбыстар тұрып жатыр,ал олардың үйі міне қандай әдемі.
(ауызды көрсетші,аша ғой қане).Үйдің төбесі бар.Еден төменгі таңдай,Есік еріндер.Есік бекем болу үшін сүйек шарбақтар да бар.Бәрі жақсы болар еді,бірақ үйдің шінде ашулы айдахар кіріп алыпты.Алайда кейбір дыбыстар емін-еркін өтіп кетеді және олар қызыл киім киіп алыпты.Ал басқа дыбыстардың. жолына кедергі жасапты. Есікті жауып алады немесе қоршауды қойып қояды.Олар емін еркін шыға алмайды сондықтан көк көйлек киіпті.
Мен жайлы не білесіңдер?
-Сөз, сөйлем,дыбыс,дауысты,дауыссыз дыбыс жайлы балалар айтады.
Менің әлемім жайлы білдіңдер енді мен сендермен қоштасайын .Сендерге қызықты тапсырмалар бар соларды орындасаңдар сендерді сыйлықтар күтіп тұр. Сау болыңдар!
1. Жұмбақ
Бұл не? Сиыр.
Қай дыбыстан басталып тұр? (С)
С и ы р сөзінде қанша дыбыс қанша әріп бар? 4 әріп 4 дыбыс Сиыр сөзін буынға бөлу. Си-ыр екі буын . Қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болады Сөздің естілуіне қарай бірнеше бөлікке бөлуге болады. Оны буынға бөлу деп атаймыз..
(Тақтаға бір бала басқа б-р орнында текшелермен жазады )
Қанша дауысты дыбыс,қанша дауыссыз дыбыс.оларды
Екі дауысты,ол и және ы дыбыстарыы. Ол үйткені созылып әндетіп кедергіге ұшырамай айтылады. Қызыл текшемен белгілейміз.
С, Р-дауыссыз үйткені қысылып кедергіге ұшырап дыбыстауға келмейді.
Сиыр бұл сөз.
Сиыр қандай болады ?
Ала бұл да сөз. Енді екі сөзді байланыстырайық. Ала сиыр. Бұл енді сөйлем болады.
Сөйлем сөздерден құралады.Ол тиянақты ойды білдіреді. Оны мынадай сызба түрінде береміз. Текшемен сөйлемді жазу.(тақтада)
Сөйлем арқылы адам өз ойын көргенін түсіндіреді.Сөйлемдегі сөздер бір бірінен бөлек жазылады.
Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен беріледі. Сөйлем соңында .! ? белгісі қойылады.
2.Балалар көзімізді жұмып ештемені көрмесекте менің дауысымды, иттің үруі, машинаның гүрілін естисіңдер. (таспадан тыңдату) Бұлар дыбыстар.
Оларды көзбен көрмегенмен құлақпен естисің.Ол арды естиміз, айтамыз.
Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады.
3.Дидактикалық ойын

« Қай дыбыстан басталады» Суреттегі заттың қай дыбыстан басталғанын табады.
4. Буынұйқастар :
ра-ра-ра – ұшып жүр ара; ар-ар-ар – дала толы қар; ыр-ыр-ыр – үйдің сыртында қыр; ры-ры-ры – жапырақтар сары; ір-ір-ір – үсті – басы кір;
5.

К. Ерешовтың «Ала бұзау» атты әңгімесін оқып беру .
Ескендір күнде ала бұзауына сүт беріп жүріп, көгорай шөпке жайып, қамқорлық жасап жүрді.Бір күні ала бұзау тоғайда жүрген малға қосылып кетті. Ескендір бұзауын іздеп тоғайға келді.бір кезде қатты жел соқты.Жел соққанда қандай дыбыстар шығады? Жел улейді. У-у-у
Желдің әсерінен ағаштардың жапырағы шулайды.
Қандай дыбыстар естіледі? Ш-ш-ш
Тоғайда жүру өте қиын болды.
Маса ызыңдап, мазасын алады. З-з-з
Ескедір қасына еріп келген Ақтөстің ырылдаған дыбысын естіді. Р-р-р
Ескендір айналасына қарады.Шөп арасында басын көтеріп, Ақтөске қарап айбат тұрып тұрған жыланды байқады.
Жылан Ақтөске қарап ысылдап тұр екен. С-с-с
Жыланды көрген Ескендір қорыққанынан өсіп тұрған емен түбіне қарай шегінеді.Ыжылдаған дыбысты құлағы шалады.Ол еменнің бұтағына орналасқан араның ұясын көреді. Ыжылдаған аралар -Ж-ж-ж.
Ескендір ала бұзауын шақырады.-Кәне балалар, бұзауын шақыруға көмектесейікші: Ауқау-ауқау!
Жақын жерден бұзауын үйіне айдап қайтты.
Балалар, сонда біз әртүрлі дыбыстар естідік,біз дыбысты қайтеміз?
6.Сергіту сәті.

Мен дыбыстарды дауыстап айтамын, ал сен « А» дыбысын естігенде алақаныңды шапалақта. Еестігенде аяғыңды тыпырлат т.с.с қимылдар
О-О-О-У-У- У-А-А-А-Э-Э- Э-Ы-Ы- Ы А-А-А- Т –Т-Т-М-М-М А-А-Я -Я- Ө- А- Е
7.Мнеможолдар арқылы балаларға мазмұнын айтқызу.
8.Сурет бойынша сөйлем құрастыр
.Текшемен сөйлем жазу.
9.Сөздік ойын «Қарама –қарсы сөздер»
Мен «жоғары» десем,сен. Мен «биік»десем, сен.
Мен «төбе» десем,сен. Мен «ауыл» десем,сен.
Мен «үлкен» десем, сен. Мен «құрғақ» десем,сен.
Мен «алыс» десе,сен.
10.Ребус шешу
11.Дәптермен жұмыс Үлгі бойынша жазу.
Сонымен балалар, сөз дыбыстардан құралады,дыбыстарды айтамыз,естиміз
Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады, әріптерді көреміз, оқимыз, жазамыз.
12. Логикалық ойын «Кім жылдам?»
Мұзды қала неден жасалған? (Мұздан).Кітап неден жасалған? (қағаздан)
Орманда не көп? (ағаш). Анасы қызын үйге шақырды кім үйде? (анасы)
Қорытынды: «Өз көңіл –күйіңді сал»
Рахмет айтып сіздерге,күлкімізді сыйлайық.
Көріскенше күн жақсы ,аман есен болайық!

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп ‘Ш’ Ыдыс –аяқ түрлері

Материал қосу

“Ш ш” дыбысы және әрпі

    Мектепалды дайындықNASKER 24.01.2017 0 0 10726

СҚО, Петропавл қаласы
«№7 орта мектеп» КММ
Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі
Кишкентаева Венера Ерсаиновна

Бөлім: Сауат ашу

Тақырыбы: Ш ш дыбысы және әрпі.

Мақсаты: Өткен сабақты пысықтай отырып, «Ш» дыбысы және әрпімен таныстыру; сөздегі дыбыстарды екпін түсіріп айту арқылы тауып, түрлерін ажырата білу дағдыларын арттыру. Сөз, сөйлемдер құратқызу арқылы сөздік қорларын толықтыру, ойын тиянақты жеткізе білуге жаттықтыру; Ой өрістерін дамыта отырып байқағыштыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»

Әдіс-тәсіл: «Веер» әдісі, диалогтық әдіс, «Феш -боун», «Құм терапиясы» элементі.

Көрнекіліктер: әріп таңбалары, текшелер, қиылған суреттер, шырша, құм салынған қорап,жұмыс дәптері.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Ш дыбысының қатаң дауыссыз дыбыс екенін білу керек.

Нені игереді: «Ш» әрпін есте сақтауларына әр түрлі әдіс-тәсілдерді игерді.

Айта,қолдана алады: Басқа әріптердің арасынан «Ш» әрпін танып,көрсете біледі.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

– Балалар, әдептілік белгісі не?

Армысың, асыл күн,
Армысың, асыл жер.
Армысың көк аспан,
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым.

Балалар өлең жолдарын айтып амандасады.

Қонақтарға барып, байланыс құрады.

Ұ

Й

Ы

М

Д

А

С

Т

Ы

Р

У

Ш

Ы

Л

Ы

Қ

І

З

Д

Е

Н

І

С

Өткен сабақты пысықтау.

«Веер» әдісі.

-Дыбыс дегеніміз не?

Балалардың жауабын бақылап, біреуінен жауабын сұрайды.

– Дұрыс па, балалар?

– Әріп дегеніміз не?

Балалардың жауабын бақылап, біреуінен жау абын сұрап, қалған балалардан дұрыс, бұрысын сұрайды.

– Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? Соны алдарыңдағы қағазға жазып беріңдер.

Әр баланы бақылап,белгілеп отырамын.

Тосын сый.

– Балалар, өткен «У» әрпіне оқып үйренген сөздерді кім оқып береді?

Екі үш балаға оқытқызған соң:

– Сендер жақсы оқып бердіңдер, ендеше менің де сендерге сыйлығым бар.

Жаңа тақырып.

– Балалар, шаршадыңдар ма? Ендеше тұрып бой жазып,парталарыңнын астына қараңдаршы!?

– Ол ненің суреті, балалар?

– Ия, сендерде шырша болса, менде де шырша бар.Шыршаны көрсету

– Балалар, бүгін жаңа жыл ғой, солай ма?

– Солай ма, енді не істесем екен!? Шыршаны ерте алып шығыппын ғой. Таптым,бүгін біз «шырша» деген сөздің басында естілетін дыбыспен танысайық! Және кім оқу қызметіне белсене қатысса, сол бала мынадай шыршаларды алып отырады.

– Ал, «шырша» дегенде қандай дыбыс естіледі?

Әр жауап берген балаға шыршаның суретін беріп отырады.

– Ол дыбыс қалай айтылды? айтқызу

– Не кедергі жасайды?

– Қандай дыбыс болады?

– «Ш» дыбысы дауыссыз дыбыс, ол қатаң дауыссыз дыбыс. (Глухие согласные)

– Қандай текшемен белгілейміз?

Көк текшені көрсетеді.

Сөз ұстарту.

– «Ш» дыбысына кім қандай сөздер біледі?

– Ал енді «Хабар» телеарнасын қосып, «ш» дыбысына жаңа сөздер тыңдап көрейік.

– Кім қандай сөздер естіді?

«Ш» дыбысының орнын анықтату.

– Балалар,менің шыршамда нелер ілініп тұр ,қараңдаршы?

– Дұрыс. Енді сол суреттердің ішінен «ш» дыбысы сөздің басында кездесетін суреттерді,

«ш» дыбысы ортсында кездесетін, «ш» дыбысы сөздің соңында кездесетін заттардың суреттерін жинап алыңдар.

Сергіту сәті.

Шыршаның жаттығуын көрсетеді.

Әріппен танысу.

Әріпті жазып көрсетіп,балаларға жазғызады. Жаңа буын және сөздермен таныстырады.

Дыбыстық талдау жасау.

– «Шана» сөзіне дыбыстық талдау жасайықшы.

Тақтада балалармен бірге дабыстық талдау жасайды.

– Енді, балалар, партаның астынан тауып алған шыршаның суретін алып, өздерің «шырша» сөзіне дыбыстық талдау жасап, буынға бөліңдер, есеп құрастырыңдар.

«Температураны өлшеу» әдісі.

– Балалар, біз не істеп отырмыз?

Дәптермен жұмыс.

– «Қайшы», «Шаңырақ», «Ағаш» сөздерін буынға бөлгізу.

– Кітаптан жаңа сөздерді оқыту.

«Құм терапиясы».

-Біз дәптерге жаңа әріпті жазбас бұрын, қолымызды жаттықтырып алайық.

-Ал енді әріпті қаламмен дәптерімізге жазайық.

Ойын: «Кім зейінді?».

Шарты: Қиылған қағаз бөлігінде жазылған сөздерден «ш» әріптерін тауып сызу керек.

Бір бала айтып береді, карточкасын жіпке іледі.

Дұрыс болса бас бармақтарын көтереді, қате болса бармақтарын түсіреді.

Екінші бала айтып береді, карточкасын жіпке іледі.

Бір бала ортаға шығып, түсіндіріп береді.

Әр топтан бір бала шығып қағаздарын жинап алып жіпке іледі.

– Мен оқып беремін, -деп қол көтереді.

Екі үш бала оқып береді.

Балалар қызығушылық танытады.

Партаның астына қарайды.

– Мында сурет бар!

– Жоқ. Жаңа жыл қыста болады.

Балалар өз ойларын айтуы мүмкін.

– Ия, біз жаңа дыбыспен танысамыз.

– «Ш» дыбысы естіледі.

– Тіліміз, таңдайымыз кедергі жасайды.

– Дауыссыз дыбыс болады.

Балалар да көк текшені көтереді.

Балалар сөздер ойлап табады.

Интерактивті тақтадан сөздер тыңдайды.

Естіген сөздерін айтады.

«Ассоциация».

– Суреттер ілініп тұр.

Балалар өздеріне керек суреттерді шыршадан алып, ассоциация жасайды.

Шыршаның жаттығуын жасайды.

Балалар әріпті алақандарында, ауада жазады.

«НА» буынымен, А-ША, ША-НА сөздерімен танысады.

– «Ш» дауыссыз дыбыс.

– «А» дауысты дыбыс.

– «Н» дауыссыз дыбыс.

– «А» дауысты дыбыс.

Шырша сөзіне дыбыстық талдау жасайды, буынға бөледі, есеп құрастырады.

– Дыбыстық талдау жасап,буынға бөлеміз. Есеп құрастырамыз.

Сөздерді буынға бөледі.

Жаңа сөздерді оқиды.

Құм салынған қорапта «ш» әрпін жазып, шардың суретін салады.

Дәптерге «Шш» әрпін жазып үйренеді.

Сөздердегі «ш» әріптерін тауып сызады.

Рефлексивті

Коррекциялаушы

– Біз қандай дыбыспен таныстық, алдарыңдағы балық сүйегін толтырыңдар.

– Кім көп шырша жинады,сол алғыр, білімді бала.

Кері байланыс.

– Қонақтармен тілдесіп келіңдер.

Балық сүйегін толтырады.

Сізге біз ұнадық па? Рахмет. Маған да ұнады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Ш дыбысының қатаң дауыссыз дыбыс екенін білу керек.

Нені игереді: «Ш» әрпін есте сақтауларына әр түрлі әдіс-тәсілдерді игерді.

Айта, қолдана алады: Басқа әріптердің арасынан «Ш» әрпін танып,көрсете біледі.

Сабақтың тақырыбы: Қ және К дыбыстарын ажырату

Рахимова Зухра Каримовна учитель начальных классов 1 категория Аграномовская НШ Тайыншинский район СКО

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Қ және К дыбыстарын ажыратуға үйрету.

Қ және К дыбыстарының сөз ішіндегі орнын анықтау;
Қ, К дыбыстарын сөз, сөйлем ішінде таба білу;
Қ, К дыбыстары бар сөздерден сөйлем құрастыру;
Қ, К дыбыстары бар сөздерге дыбыстық талдау жасау, коррекциялау;

Оқушылардың сөздік қорын, ойлау, есте сақтау, көз алдына елестету қабілеттерін дамыту;

Оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке, табиғатты сүюге баулу.

Сабақ көрнекіліктері: Үлкен плакатта жаз мезгіліндегі орман суреті. Жабайы аңдар суреті плакатқа, алмалы етіп жасалынған. Әр-біреуінің артында сұрақ, не тапсырмалар бар. Тесттер, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар қолдарыңды көтеріңдер, енді алақандарыңды бір- біріне ысыңдар. Алақандарыңдағы жылуды сездіңдер ме? Онда біз осындай ыстық, жылы лебізбен бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Біздің сабағымыз өте ерекше, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келді.

Сонымен қатар, бізге Кәмшат деген қыз да келіп отыр. Ол жай келмеген. Ребята, сегодня у нас необычный урок. К нам на урок пришли гости, также и девочка Камшат. Но она пришла не просто так.

Кәмшат: Балалар мен сендерге бір жұмыспен келдім. Мен орманда саңырауқұлақ теріп жүргенімде, кәрзеңкемді ұмытып кетіппін. Маған кәрзеңкемді табуға көмектесіңдерші.

Мұғалім: Балалар, қалай ойлайсыңдар Кәмшатқа көмектесеміз бе?

Оқушылар: Иә, көмектесеміз.

Мұғалім: Онда біз бүгін сабағымызда, жаз мезгіліндегі ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Алдымыздан көптеген қиындықтар кездеседі.

Сол қиындықтарды жеңе білейік.

Орман ішімен келе жатырмыз, біздің алдымыздан қоян шықты. Қояннан жол сұрасақ, ол сендерге айтады: «Егерде менің тапсырмамды орындасаңдар, мен сендерге жол көрсетемін». Қоянның тапсырмасы мынандай екен.

Қ және К дыбыстарының артикуляциялық кескіндерін айтып беріңдер.

Оқушылар: Қ дыбысын айтқанда ерніміз ашық, күрек тістер белгілі бір қашықтықта жатады. Тілдің ұшы тілмен, бірақ тіске тірелмейді. Арты көтеріліп, жұмсақ таңдайға тіркеледі. Қ дыбысын тамақпен айтамыз.

Мысалы: Қаз, қарға.

К дыбысын айтқанда ерніміз ашық, күрек тістер белгілі бір қашықтықта сақталады. Тілдің ұшы төменде, тілдің арты жұмсақ таңдайға қабысады.

К дыбысын тез айтамыз.

Мысалы: Көбелек, көгершін.

Мұғалім: Бұл дыбыстар қай жағынан ұқсас?

Оқушылар: Екеуі де қатаң дауыссыз дыбыс.

Мұғалім: Мен сендерге қоян туралы айтып берейін.

Қоянның денесі иілгіш, ұзын — қарауға, секіруге икемді. Құйрығы қысқа. «Қоянды аяғы құтқарады» — деген мақал бар. Шынында да, қоян өзінің жүйріктігі арқылы өз жауларынан құтылады. Ұзын құлақтары дыбысты, жылыны жақсы сезеді. Қоян өз терісін екі рет өзгертеді. Жазда оның терісі шөп түстес, ал қыста ақ болады. Терісін өзгерту себебі, жауларынан қорғану үшін. Балалар енді қоян туралы кім орысша айтып береді?

Оқушылар: Туловище у зайца гибкое, длинное, приспособлено смотреть, прыгать. Хвост короткий. Есть такая пословица «Зайца выручают ноги». Действительно заяц из-за способности быстро бегать, спасается от своих врагов. Длинные уши хорошо чувствуют звук, тепло. Заяц два раза меняет свою шубу: летом- серый, а зимой — белый. Он меняет свою шубу для того, чтобы спастись от врагов.

Мұғалім: Жақсы. Міне сендер қоянның тапсырмасын орындадыңдар, ол сендерге рақметін айтып, ары қарай жол көрсетті. Енді балалар, біз жұмбақ шешу арқылы, алдымыздан шығатын келесі аңды білеміз.

Дегендей ешкім тимесін,

Алыпты қадап инесін.

Оқушылар: Кірпі.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, алдымыздан кірпі шықты. Ол да тапсырма алып келген екен. Балалар сендер білесіңдер ме, кірпі жауларынан қалай қорғанады?

Оқушылар: Кірпі жауларынан тікенегі арқылы қорғанады. Кірпінің өзі момын, әрі ешкімге зияны жоқ.

Мұғалім: Енді біз кірпінің тапсырмасын орындаймыз.

К дыбысына сөздер айтқанда — К әрпіне сәйкес сигналдық кәртішкелеріңді көтересіңдер, ал Қ дыбысына сөз айтқанда- Қ әрпіне сәйкес сигналдық кәртішкелеріңді көтересіңдер.

Кітап, қалам, кілем, қарбыз, кеме, қара, көз, аққу, көбелек, қайың.

Біз кірпінің бірінші тапсырмасын орындадық, енді кірпінің екінші тапсырмасы мынандай:

1-ші вариант — тесттермен жұмыс істейді.

2-ші вариант — сөзжұмбақ шешеді.

Мұғалім: Міне біз кірпінің тапсырмаларын да орындадық, ол да бізге ризашылығын білдіріп, ары қарай жол көрсетті. Сендер қалай ойлайсыңдар, бал жақсы көретін аң, қандай аң?

Оқушылар: Аю.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, алдымыздан аю шықты. Аю да жай шыға қоймаған, ол сендерге тапсырма алып келіпті. «Мына буындарды оқысаңдар және сөздерге дыбыстық талдау жасасаңдар, жол көрсетемін» — дейді. Аюдың тапсырмасын орындаймыз ба?

Оқушылар: Иә, орындаймыз.

Мұғалім: Онда мына жазылған буындарды оқимыз.

Кі- Кі- Кі — кірпі
Ін- ін- ін — тиін
ян- ян- ян — мынау қорқақ қоян,
ыр – ыр -ыр – сұр қасқыр
ат – ат -ат – қандай ғажап табиғат.

Біз аюдың бірінші тапсырмасын орындадық. Аюдың екінші тапсырмасы — Қала, Кесе сөздеріне дыбыстық талдау жасау. Қызыл түс- дауысты дыбыс, көк түс—дауыссыз дыбыс. .

Оқушылар: Қала, Кесе сөздерінде 4 әріп, 4 дыбыс бар. Екі буын, екі дауысты, екі дауыссыз дыбыс бар. Кесе сөзінде екі жіңішке дауысты дыбыс бар.

Мұғалім: Жақсы. Аю туралы не білесіңдер?

Оқушылар: Аю жыртқыш аңдарға жатады. Аю екі түрге бөлінеді. Ақ аю, қоңыр аю. Аюлар қыста апанда ұйықтайды. Ол үшін ол жазда май қорын жинайды. Аю жеміс-жидектермен, балықтармен қоректенеді. Бірақ бәрінен де ол балды жақсы көреді.

Мұғалім: Аю туралы орысша кім айтып береді?

Оқушылар: Медведь хищное животное, делится на два вида: белый медведь, коричневый медведь. Медведь зимой спит в берлоге. Для этого он летом запасается жиром. Медведь питается фруктами-ягодами, рыбами. Особенно он любит мёд.

Мұғалім: Жарайсыңдар, сендер аюдың да тапсырмасын жақсы орындадыңдар. Ол алғысын білдіріп, бізге жол көрсетті. Біз аю көрсеткен жолмен жүре бердік. Балалар мен сендерге жұмбақ айтайын, сендер оны шешіңдер.

Сыйқымазақ қулы ит бар, Барған жерде ұры ит бар. Ол не?

Оқушылар: Ол түлкі.

Мұғалім: Бізге түлкі де жай келмеген. Біріншіден ол сендермен танысқысы келеді. Сендер түлкімен танысыңдар. (Оқушылар өз фамилиясын, есімін, тұратын ауылын және қай мектепте оқитынын айтады).

Мен айтқандай түлкі сендерге өз тапсырмасымен келген. Ол сурет салып отырып, суреттердің астындағы сөздерге әріптерді қоюды ұмытып кетіпті. Енді сол сөздерге, көп нүктенің орнына тиісті әріптерді суреттерге қарап қойыңдар. Плакаттағы суреттер (қарбыз, көйлек, қайың, кітап)

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар, түлкінің де тапсырмасын орындай алдыңдар. Мен сендерге түлкі туралы айтып берейін. Түлкі жыртқыш аңдарға жатады. Дене-құрылысы ит пен қасқырға ұқсайды. Түлкі қысқа азық жинамайды, иісті жақсы сезеді. Ауа райы қолайсыз болғанда, үңгірде жатады.

Мұғалім: Ал түлкі туралы кім орысша, өз түсінгенін айтып береді?

Оқушылар: Лиса хищное животное. Туловище у лисы похоже на туловище собаки и волка. Она на зиму корм не собирает, хорошо чувствует запах. В неблагоприятную погоду лежит в норе.

Мұғалім: Түлкі сендерге рақметін айтып, жол көрсетті. Түлкі көрсеткен жолмен келе жатырмыз, бір мезетте біздің алдымыздан ағаштың бұтағынан секіріп тиін де түсе келді. Тиіннен — «Сен кәрзеңке көрген жоқсың ба»? деп сұрасақ, ол айтады: «Көрдім, бірақ сендер менің тапсырмамды орындаңдар, сонда жол көрсетемін» — дейді. Балалар біз оның тапсырмасын орындауға келісуіміз керек, егер келіспесек кәрзеңкені таба алмаймыз. Тиін мынадай тапсырма алып келген екен. Орны ауысқан сөздерді дұрыс жаз.

Өріске, жайылды, мал.

Қаз, қаңқылдаған, үйрек.

Көлде, жүзе, олар, бастады.

Мұғалім: Тиін туралы кім не біледі?

Оқушылар: Тиін өте еңбекқор, ол өзінің терісін жазда, қыста өзгертеді. Сөйтіп жауларынан қорғанады.

Мұғалім: Қазір кішкене дем аламыз.

Сергіту сәті: Төрт, бес, алты, жеті Сегіз, тоғыз, он

Бір, екі, үш Төрт, бес, алты, жеті Сегіз, тоғыз, он

Бір, екі, үш Мынау ауыл шеті. Ал қанеки қон!

Ал қанеки ұш! Асықпа да, саспа, бәрін қайта баста.

Мұғалім: Біз сендермен диктант жазамыз. Оның үшін дәптерлеріңді ашыңдар. Бүгін сәуірдің нешесі? Қай күн? Енді жазыңдар. Сәуірдің он алтысы

Диктант

Оқушылар орманға саяхатқа барды. Орманда олар аюды, тиінді, түлкіні, кірпіні, қасқырды, қоянды көрді. Жабайы аңдар оқушыларға өте ұнады. Енді олар аңдар туралы әңгіме жазатын болды.

Қиын сөздер: тиін-белка, өте-очень, кірпі-ёж, түлкі-лиса

Дәптерлеріңді жинап маған әкеліңдер.

Мұғалім: Орманда көрген аңдарды бір сөзбен қалай айтамыз?

Оқушылар: Жабайы аңдар.

Мұғалім: Міне біз қанша қиындықтарды жеңе білдік. Кәмшат қыздың кәрзеңкесін алып, үйімізге оралдық.

Кәмшат: Балалар, мен сендерге ризамын. Сендерге көп рақмет. Сау болыңдар!

Үйге тапсырма:

Мұғалім: Келесі сабаққа, орманда көргендерің туралы әңгіме жазып әкеліңдер. Осымен сабақ аяқталды, сау болыңдар!

С дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру

Сабақтың тақырыбы: «C» дыбысын сөзде дұрыс айтуға
машықтандыру.
Сабақтың мақсаты: «C» дыбысын буында қайталап сөзде
анық айтуға
машықтандыру.
«С» дыбысын буын, сөз ішінде дұрыс

ажырата білуге үйрету. Фонематикалық
қабылдауын
дамыту, ойын тапсырмалар арқылы ойлау,
есте сақтау
қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жеке
Көрнекілігі: «С» дыбысының артикуляциясы, артикуляциялық
жаттығулар, слаид, түрлі суреттер,
тапсырмалар.
І Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларды сабаққа дайындау.
Артикуляцияны дамыту жаттығулары
1.Ұртын үрлеу.
2.Ернін созу “у”, “о”
3.Жымияды ” и”
4.Қасын көтеру “Ой” (таң қалу)
5. Көзін қатты жұму
6.Дем алу және тыныс шығару: са – со – су – сы.
ІІ Негізгі бөлім
Асылай біз бүгінгі сабағымызға келген поиздың тапсырмаларын орындап,
вагондарды ашамыз, ол үлкен қалаға кетіп бара жатыр, әр вагон тапсырмасын
орындасаң, вагондар саған поиздың қай қалаға бара жатқанын көмектеседі
Қай әріп екенін айтыңдар. Алфавиттік жұмбақтарды шешіңдер. І вагон
Сауысқанды, сәбізді
Сарымсақты, сағызды
Бастап тұрған қай әріп? «С»
Қыста бар, Сарада бар,
Жазда жоқ Шарада жоқ
Түсте бар, Сақанда бар
Кеште жоқ «С» Шоқанда жоқ «С»

«С дыбысының артикуяциясы»
• Ерін жымиып тұрады;
• Тістердің арасы шамамен 1 мм ашық;
• Тілдің ұшы төменгі тістерге тірліп тұрады;
• Тілдің ортасы көтеріңкі, ортасында
жырашық болады, сонымен ауа жолы шығады.
• Тілдің бүйір жақтаулары жоғарғы азу
тістерге тиіп тұрады;
• Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауа жолын жабады, дыбыс
перделері ашылады;
Артикуляциялық жаттығулар
«Кесе», «Сағат», «Саңырау құлақтарды», «Тәтті шырын»,
«Ат шауып келеді»

«С» дыбысын дұрыс айт, анық айт. ІІ вагон
Са – со – су – сы
Со – су – са – сы
Сұ – со – са – сы

Аса асы Усу осы
Осо асу Ысы ұсы
«С» дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру.
Ма . са тол
. са
Ала . са айт
. са
Бол . са Қайт
. са

«Сы» буынын қосып сөзді аяқта.
Дыб . ыс ту. ыс
Айт . ыс қу. ыс
Жар . ыс ал . ыс

Жұмбақ шешеміз ІІІ вагон
Сыртылдайды күнімен,
Сыртылдайды түнімен.
Білгің келсе уақытты,
Көрсетеді тілімен. Сағат

Мұрны пұшық,
Көзі қысық,
Өзі пысық
Бұл не? Мысық

«С» дыбысы бар аңдар: қасқыр, арыстан, жолбарыс
«С» дыбысы бар кісі аттары: Сымбат, Самат, Асылай, Қасым

Мына жануарлар не жиді?

V Вагон
Сөздерді көпше түрде айт
Құс –құстар
Сабақ – сабақтар
Ыдыс – ыдыстар
Қасқыр-қасқырлар
Сона-соналар
Дәптермен жұмыс
Мына сөздерге «С» дыбысын қойып оқы.
С + ай = сай
С + ана = сана
С + ұлу = сұлу
С + ара = Сара

Қарамен белгіленген сөздерге «С» дыбысын қойып оқы.
ҚЫМБАТ -1, ЖАБЫН – 1, ТОҚТЫ -1, ҚАТЫҚ- 3, ЖУАН- 4, ТАРЫ – 1

АЛАТАУ, АУДАН – сөздердің ішінен қарамен жазылған буынмен, дыбысты алып
сөздің басына С дыбысын қойып оқы.
Қандай қалаға келді Астана (Бәйтеректің суреті) шығады.

Қол саусақтарына арналған жаттығулар:
«Көзілдірік», «Қайшы», «Қоян» – тақпақты бірге қайталау.

Қорытынды: Бүгінгі өткен сабағымызды қорытындылаймыз.
Есіңе сақта!
Апта деген ағайдың
Жеті бірдей ұлы бар:
Бірінші –
Дүйсенбі,
Екінші – Сейсенбі,
Үшінші – Сәрсенбі,
Төртінші – Бейсенбі,
Жұма деген бесінші ұл
Алтыншы ұл – ол Сенбі
Жетінші – Жексенбі.
[С] дыбысы бар жануарларды көрсет Слайд
[С] дыбысы бар ыдыстарды көрсет Слайд
Суреттерді ата

«С дыбысы сөздің қай жерде» Слайд

Үйге тапсырма.
Жаңылтпаш жаттау
1. Асан массаж жасар,
Массаж жасап шаршар.
2. Биыл жазда маса аз,
Маса азда,
Маза аз.

Дайындаған:
Логопед: Мендешева Жадыра Маратовна
Жаңақала аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу
кабинеті.
Логопед
БҚО, Жаңақала ауылы

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп ‘Ш’ Ыдыс –аяқ түрлері

Наурузова Нұргүл Камиловна

Білімділік: Ш дыбысын дұрыс айтуға, дыбысты әріппен сәйкестендіруге, ажыратуға, сөздерді буынға бөлуге үйрету; сөздерді жекеше және көпше түрде айтуға үйрету

Түзетушілік: оқушылардың фонетико – фонематикалық есту қабілетін дамыту, зейіндерін, көріп қабылдауларын, қолдың ұсақ моторикасын дамыту, сөз қорын молайту

Тәрбиелік: мұғалімнің сөзін мұқият тыңдауға үйрету, патриоттық сезімдерін дамыту.

Көрнекіліктер : демонстрациялық материалдар, оқушылардың дәптерлері, Ш дыбысының профилі, айналар, резеңке доптар, суретті карточкалар

Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық – педагогикалық дайындық!

– Сәлеметсіңдер ма балалар?

-Бүгін бізде ерекше сабақ болайын деп тұр, бізге сабаққа қонақтар келіп отыр, сондықтан сабағымызға жақсы қатысайық!

-Бүгін аптаның қай күні?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Оны қандай белгілерден байқадыңдар?

Үй жұмысын тексеру (карточкаларды тексеру)

– Жаңа сабағымызды бастамас бұрын тілге арналған жаттығулар орындайық! Ол үшін мен сендерге «Көңілді тіл» туралы ертегі айтып берейін, ал сендер тілдің іс – әрекетін қайталап жасайсыңдар!

Өзінің үйшігінде көңілді тіл тұрыпты. Ол үй қандай екен? Ол үйдің аты не? Кім біледі? Дұрыс, ол үйдің аты – ауыз. Үйдің есігі ашылып, жабылып тұратын болған (ауыз ашық, жабық). Ол тәңертең тұрған соң тісін жууға кірісті (тіс тазалау). Содан кейін тәтті тосаппен таңғы асын ішті (жоғарғы және төменгі ерінді жалау). Тіл бір жерде тыныш отыра алмады, үйшігінен жүгіріп шығып, айналаға қарады (тілін шығару). Аздап желдің лебі білінді. Тіл тоңып, үйшігіне кіріп, есігін жауып алды (аузын жабу). Бір мезгілде жаңбыр жауа бастады, тырсылдаған дыбыс естілді (тілдің ұшымен тіске тигізіп «д-д-д» деп айту). Үйге кірген соң тіл мысыққа сүт құйды, мысық сүтті жалады (жоғарғы ерінді жалау), соңынан есінеді (ауызды кең ашу). Тіл сағатқа қарады. Сағат сыртылдап тұр екен (ауызды кең ашып, тілдің ұшын оңға, солға қимылдату). Мен ұйықтайтын уақыт болған екен деп тіл жатуға дайындалды.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер соның шешуін табыңдар!

Бір түсті (Шырша)

«Шырша» деген сөздің басында қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?

Балалар бүгін «Ш» дыбысымен танысамыз?

2.Дыбыстың артикуляциясы. Ш дыбысының профилі

-Балалар бәріміз бірге «Ш» деп айтайықшы

Балалар дыбысты айтады, ал мұғалім [Ш] дыбысының артикуляциясын түсіндіреді:

-Ерніміз алдыға шығып, домалақтанады;

-Тілдің ұшы алдыңғы таңдайға көтеріледі, бірақ тимейді;

-Тілдің шеттері жоғарғы түбір тістерге тіреледі;

– Тілдің арқасы көтеріледі, тілдің пішіні табақшаға ұқсайды.

-Тамағымыз «жұмыс» жасамайды, дауысымыз дем алады ( бақылау үшін балалар тамақтарын қолмен ұстау керек).

– Бәріміз бірге жел соққанда ағаш қандай дыбыс шығарады Ш-ш-ш-ш-ш. Жарайсыңдар!

– Ал жылан қандай дыбыс шығарады?

– Ол, да ш-ш-ш-ш –деп дауыс шағарады екен.

-Балалар бұл қандай дыбыс екен?

-Иә, дұрыс айтасындар, өйткені бұл дауыссыз дыбыс, оны созып айта алмаймыз (еріндер, тіл және тісіміз ауаның өтуіне кедергі жасап тұр), яғни ол көк түспен белгіленеді.

«Ш» дыбысын әліпбиден әріппен сәйкестендіру.

– Балалар, маған «Ш» дыбысының әріпін әліпбиден кім тауып береді?

3. Тапсырма. Ш дыбысын дауысты дыбыстармен біріктіріп оқы. (әріптер жазылған кесте )

4 . Тапсырма «Мен бастаймын сендер аяқтаңдар»

Жаттығуға арналған сөздер

5.Тапсырма «Буындарды, сөздерді қайталаңдар»

Шәйнек Шөлмек Шеге

Шәмші Шөмелей Шеке

6.Қолдың ұсақ моторикасын дамыту

7. Дәптермен жұмыс :

-Балалар енді дәптерлерімізді ашайық,

– Бүгінгі күнді жазып алайық?

Логопед Ш әріпінің жазылуын еске түсіріп, жазып көрсетеді

Оқушылар үлгі бойынша Ш әріпін жазады.

7. Тапсырма. Дидактикалық ойын «Дыбыстың орнын табыңдар» (дыбыстарға арналған үйшіктер)

Сурет бойынша балалар суреттің атауын тауып, «Ш» дыбысының орнын анықтап сөздерді буынға бөліп және сәйкес картон үйшіктерге салу керек.

Сергіту сәті: «Қара жорға биін билету»

8.Ойын «Ш дыбысын ұстап ал»

Сөзде «ш» дыбысын естігенде, шапалақтайсыңдар.

Сақа, мысық, шана, тышқан, қалам, сабын, қайшы, қас, жас, жол, шыбын

9.Тапсырма . Жұмбақ шешіп, жауабын торкөзге жаздырту, ал басқа оқушылар дәптерге жазады.

Читайте также:  Конспект логопедического занятия Автоматизация звука (Ц) в конце слова
Ссылка на основную публикацию